Көкалдағы хоккей

Көгалдағы хоккей – кәдімгі футбол алаңында, көк майсада өтетін спорттық ойын. Мұнда командалар өздеріне доп өткізіп алмай, қарсыластарына көп енгізуді мақсат етеді. Ойын шарты Көгалдағы Хоккей мұз үстінде ойналатын допты хоккейге көп ұқсас. Мұнда да команда 11 адамнан тұрады. Алаңының ұзындығы – 91 м, ені – 50 – 55 м. қақпасының биікт. 2,14 м, ені 3,66 м. Добының диаметрі 71 – 74 мм, салм. 156–163 г. Добы каучук жентегінен жасалып, аққа боялады немесе ақ былғарымен қапталады. Доп ұратын таяқшаның оң жағы жұмыр, сол жағы тегіс келеді, басы имек болады. Оның салмағы 340 – 794 г. Ұзындығы 1 м-дей, ені 5 см-ден аспайды. Допты таяқшаның тек тегіс жағымен ғана қақпақылдайды. Қақпа алдында радиусы 14,6 м-лік сызық болады. Оны доп соғу алаңы деп те атайды.

nbsp;

Көгалдағы хоккей бөлімшесінде екі жаттықтырушы – оқытушы қызмет атқарады. Бөлімшеде 2019-2020 оқу жылында спорттық сауықтыру тобы-2, спорттық жетілдіру тобы -3.
Хусаинов Жалғас Болатұлы - білімі арнайы жоғары, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қобландин Дәурен Сұлтанбекұлы - білімі арнайы жоғары, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, көгалдағы хоккейден спорт шебері.
2019 жылы 3 спорт шебері, 8 спорт шеберіне кандидат дайындалды.

h1.jpg
h2.jpg
h5.jpg
h6.jpg

Жаттықтырушы - Хусаинов Жалғас Болатұлы

Husainov2.jpg
Хусаинов Жалғас Болатұлы 1973 жылдың 11 наурызында Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1990-1992 жылдары Өзбекстан Республикасының Әндижан қаласындағы РУОР-да, 2011-2014 жылдары Қызылорда Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университеттің дене шынықтыру мен спорт факультетін аяқтаған.            
Әндижан қаласында көгалдағы хоккейден  «Звезда» командасында ойнаған. 1993 жылы Ресейдің Самара қаласындағы ЦСК ВВС командасына ауысып, көгалдағы хоккей командасының жоғарғы лигасында ойын көрсеткен. Он жыл ішінде Европа чемпиондарының кубогын үш рет жеңіп алған. 2000 жылы Германияның Варендофф қаласында өткен Әлем чемпионатында ойын көрсетіп  ІІІ орынға ие болып, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған.
2006 жылдан бастап Тереңөзек кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде көгалдағы хоккейден жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
2012 жылы Талдықорған қаласында өткен көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орын алған.
2013-2014 жылдары Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден ІІІ орынды иемденген. Қазіргі таңда дайындаған 2 шәкірті спорт шебері, 16 спортшы І разрядты санатын алған, облыстың құрама командасының мүшелері.

Жетістіктер

Байланысу

Мекен-жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі №3А

Байланыс телефоны, факс: 8 /724 36/ 21-9-00

Электрондық адрес: sirdariasport_sh@mail.ru

Мектеп директоры Есенов Бағдат Мырзалыұлы, ұялы тел: 87755255201

 

Спорт түрлері

  • Таэквондо
  • Еркін күрес
  • Қазақ күресі
  • Футбол
  • Волейбол
  • Көкалдағы хоккей
  • Тоғызқұмалақ
  • Гандбол
  • Дзюдо
  • Жеңіл атлетика
  • Ауыр атлетика
Сайт создан by Tenetex

Search