«№11 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

1969 жылы Сырдария аудандық білім бөлімі жанындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болып ашылды.
         1970-1978 жылдары алғаш мектеп директоры аудан спортының өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан волейболшы Иноятов Кеңес бастаған. Ол 1936 жылы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Спортпен жастайынан айналысқан. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік физкультура институтына оқуға түсіп, 1962 жылы бітіріп шығып, сол жылы орта мектепке дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі болып орналасады.  1970 жылдан 1978 жылға дейін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарады. 1978 жылдан 1993 жылға дейін спорт пәнінің оқытушысы қызметін атқарып, сол мектептен зейнеткерлікке шыққан. Волейбол жаттықтырушысы, шахматтан облыс чемпионы, І разрядын алған. Көптеген шәкірттері облыс құрамасының мүшесі. Ол аудан спортының өркендеуіне сіңірген еңбегі үшін бірнеше Грамоталар мен Мақтау қағаздарын алған.
         1978-1984 жылдары Абдулпаттаев Бақытжан Оспанұлы жалғастырды.  Бақытжан Оспанұлы 1946 жылы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 1969-70 жылдары спорт комитетінің жаттықтырушысы. 1970-1974 жылдары Алматы Физкультура институтын бітірген. 1974-1978 жылдары спорт мектебінің жаттықтырушысы. Тоғызқұмалақтан облыстың 5 дүркін чемпионы.1978-1984 жылдары спорт  мектебінің директоры атқара жүріп тоғызқұмалақ, футбол ойынындарының ауданда дамуына үлкен үлесін қосты. Шәкірттер дайынап тоғызқұмалақтан шәкірттері: Жақапбаева Айнұр – тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Орта Азия мен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қарашаев Кенбай – тоғызқұмалақтан спорт шебері. Футболдан шәкірттері: Тен Юра, Бақытжан Ахметов- спорт мектебінің футбол жаттықтырушысы, Қобландин Сұлтан - футболдан Ресей шеберлер командасында ойнаған. Б.Абулпаттаев «Жоғары категориялы мұғалім», «Білім саласының үздік қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қаз.ССР-нің Халыққа білім беру» Құрмет грамоталары мен және де көптеген наградалармен марапатталған. Қазіргі таңда Тереңөзек кентінің құрметті азаматы.
1984-1987 жылдары көгалдағы хоккейден облыстық аға жаттықтырушы, Республикалық біріншіліктің жеңімпаздарын шағарған Бекенов Төлеген қызмет атқарған болатын.
         1987-1996 жылдары кезінде футболдан облыс құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының жастар құрама командасының мүшесі болған Абдулпаттаев Пазылхан Оспанұлы басқарды. П.Абдулпаттаев 1965 жылы Тереңөзек қыстағында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1977-1980 жылдары Қызылорда қаласындағы Дене шынықтыру және спорт техникумын бітірген. 1976 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде футбол жаттықтырушысы болып жұмысын бастаған. 1987-1996 жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне директор қызметіне тағайындалған. 1997 жылдары футбол жаттықтырушысы. Қазіргі таңда Сырдария ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінде әдіскер-нұсқаушы қызметін атқарады.
         1996-1999 жылы еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, облыс біріншіліктерінің жеңімпазы Дәрмен Жұмабек жалғастырды. Ж.Дәрмен 1962 жылы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1974-1979 жылдары спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушысы. 1979 жылы қазақ күресі және еркін күрестен облыс чемпионы, І дәрежелі спорттық санатын алған. 1980 жылы Қарағанды қаласындағы педагогикалық институттың «Физкультура пәнінің мұғалімі» факультетіне оқуға түсіп, 1984 жылы бітірген. Институт қабырғасында жүрген кезінде еркін күрестен көптеген ашық біріншіліктерге, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды алып, спорт шеберіне үміткер атағын алған. 1984-1990 жылға дейін Тереңөзек кентіндегі мектепте физкультура пәнінің мұғалімі, 1990 жылдан спорт комитетіне нұсқаушы қызметін атқарған. 1996-1999 жылдары спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалған.
         1999-2005 жылдары спорт мектебінің жеңіл атлетикадан облыстық жарыстардың  жеңімпазы Ерташов Марат Жарылқасынұлы жұмыс атқарған. Марат Жарылқасынұлы 1972 жылы Тереңөзек кенті, Қалжан-Ахун ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1989-1994 жылдары Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын бітірген. 1994 жылы Тереңөзек кентіндегі №10 кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып жұмыс атқарған. 1996 жылы аудандық Жастар ісі, туризм және спорт комитетінде жұмысшы, қойма меңгерушісі, шаруашылық жөніндегі орынбасары  жұмыстарын атқарған. 1999-2005 жылдары спорт мектебінің директоры болып тағайындалған. 2002-2004 жылдары Қызылорда қаласындағы  Қорқыт Ата атындағы  мемлкеттік университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі кезде аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
         2005-2007 жылдары қайтадан Дәрмен Жұмабек Жарылқасынұлы қызмет атқарған.
         2005-2013 жылдары қазақ күресінің спорт шеберіне үміткер атағын алған Қиықбайұлы Шәкір директорлық қызметін атқарған.  Сыр бойының абзал азаматы,  Республика, облыс, аудан спортына еңбегі сіңген  Шәкір Қиықбайұлы  1953 жылы 1 маусымда Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында дүниеге  келген. 1970 жылы аылдағы № 130 мектепті бітірген Шәкір Қиықбайұлы мектеп қабырғасында жүргенде ақ күреспен шұғылданған.
         1979 жылы Қарағанды дене шынықтыру техникумын бітіргеннен кейін туған ауылға  оралып №130 мектеп қабырғасынан бастап  біріңғай спорт  жастар саласында үздіксіз еңбек  еткен.
         Ш.Қиықбайұлы  екі мәрте жергілікті  атқару орнына депутаттыққа сайланып,  Комсомол, жастар ұйымдарымен тығыз байланыста болды.
         1980-2005 жылдары аудандық туризм және спорт комитетінінің төрағасы қызметін  атқарса, № 10 КМ   спорт жетекшісі ретінде аудан әкімдігі, облыстық спорт комитеті және басқа да спорт және жастар ұйымдарымен 30 жыл етене араласқан азамат.
         Ш.Қиықбайұлының басқаруымен 1986-91 жылдарға дейін ауданда  қогалдағы хоккей Одақ, Республика құрама командалар арасында  жүлделі орындарды аудан спортшылары ала білсе, тоғызқұмалақ шеберін  дайындаған, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы  туризм спорт Агенттігінің бөлім бастығы, ұлттық дәрежедегі төреші  Айнұр Жақапбаева, волейболдан облыс  құрамасының жаттықтырушысы  Болат Рысмаханов,  тоғызқұмалақтан спорт шебері  Кенбай Қарашаевтар ұстаз атын әлі де облыс, Республикаға танытуда.
          Ш. Қиықбайұлының еңбегін бүкіл Облыс, Республикадан келген азаматтар үстем бағалап, ауданның, оның ішінде орталық стадионның көркейту- көгалдандыруда сіңірген еңбегіне жоғары баға беріп  аты облыс, Республика газеттеріне «Шәкір бауы» деп жарияланды. Шәкір ағайдың еңбектері үстем болып Республиканың түрлі наградаларына ие болды. Оның ішінде  ҚР дене тәрбиесі мен спортына сіңірген еңбегі үшін құрмет белгісі, ҚР ауыл спортын  дамытуға қосқан зор үлесі үшін төс белгісімен  және Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері», Елбасының «Алғыс хатының иегері» атағын алды.
         2013-2017 жылдары директор қызметін Қамалов Серік Шарафаддинұлы атқарды.
         1997 жылы аудандық білім бөлімінен бөлініп, аудандық Жастар ісі туризм және спорт комитетіне қараған.
         2006 жылдан бастап Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.
2013 жылдың 7 шілдеден бастап Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «№11 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді. Жыл өткен сайын Сырдария спорт мектебінің әл ауқаты жақсарып, спортшылардың спорпен шұғылдануына барлық жағдай жасалынған. Жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығы артуда. «№11 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде спортың 11 бөлімшесі жұмыс істейді. Олар тоғызқұмалақ, волейбол, көгалдағы хоккей, таеквондо, жеңіл атлетика, дзюдо қазақ күресі, бокс, еркін күрес, футбол сияқты спорт түрлерінен – 699 оқушы қамтылып жаттығады. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын жаттықтырушы мұғалімдер, спорт түрлерінің майталмандары    Рысмахан Болат, Темірғалиев Жандос, Бохаев Жасұлан, Сейпулов Айбек,  (волейбол), Алдабергенов Марат, Баймырзаев Бақытжан (таеквондо), Хусаинов Жалғас, Қобландин Дәурен (көгалдағ хоккей), Қаусов Жасұлан, Алтынбеков Руслан (қазақ күресі), Жармаханов Берік (еркін күрес), Ахметов Бақытжан, Жансейтов Қанат, Төлегенов Айдос (футбол), Ахметов Берікбол (жеңіл атлетика), Әбжаппаров Мұхтар(тоғызқұмалақ), Сардарбеков Жандос(самбо), Жұбанов Нұртуған(белбеу күресі), Уәлиханов Шоқан(белбеу күресі), Әділбеков Еркін(дзюдо), Елеусін Білімжан (тоғызқұмалақ),  тер төгіп келеді.  
2017 жылдың 30 тамызынан бастап 2018 жылдың 20 тамызына дейін мектеп директоры қызметін Ермекбаев Жарасбек Батирбекович атқарды.
Қазіргі уақытта 2018 жылдың 20 тамыздан бастап мектеп директоры қызметін Есенов Бағдат Мырзалыұлы атқарып келеді.
№11 СОРМБЖМ   КАРТАСЫ
 
Мекен жайы __Амангельді 3 А________________ жабдықтар _________________
Спорт  мектебі   № 11 Сырдария ауданының  олимпиадалық мамандандырылған 
балалар –жасөспірімдер  мектебі ___ ашылған жылы __1992_жыл______________
                                                                                         І. Жинақтау

Даярлау кезеңдері

Оқу жылы

Оқу топтары мен оқушылардың саны

2017 – 2018жж.

2018 – 2019 жж.

2019 -2020 жж.

2020 – 2021 жж.

топ

оқушы

топ

оқушы

топ

оқушы

топ

оқушы

Алғашқы даярлау

1

2

3

16

3

6

272

40

78

9+12

9

4

174+188

124

52

9+7

10

8

178+98

138

108

   

Оқу – жаттығу

1

2

3

4

5

5

5

4

1

1

64

56

38

12

12

4

5

2

42

54

22

5

4

4

1

54

42

44

10

   

Спорттық жетілдіру

1

2

3

3 жылдан жоғары

2

3

1

16

25

8

10

3

4

75

22

25

5

6

4

31

51

25

   

Жоғарғы спорт шеберлігі

                 

БАРЛЫҒЫ

 

52

699

62

778

63

779

   
 

Байланысу

Мекен-жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі №3А

Байланыс телефоны, факс: 8 /724 36/ 21-9-00

Электрондық адрес: sirdariasport_sh@mail.ru

Мектеп директоры Есенов Бағдат Мырзалыұлы, ұялы тел: 87755255201

 

Спорт түрлері

  • Таэквондо
  • Еркін күрес
  • Қазақ күресі
  • Футбол
  • Волейбол
  • Көкалдағы хоккей
  • Тоғызқұмалақ
  • Гандбол
  • Дзюдо
  • Жеңіл атлетика
  • Ауыр атлетика
Сайт создан by Tenetex

Search